Шетелде вакцина алғандарға Қазақстанда вакцинация паспорты берілмейді

20 Мамыр 2021, 13:03
1893
Бөлісу:
Шетелде вакцина алғандарға Қазақстанда вакцинация паспорты берілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордада МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Науқастар шетелде вакцина алып, Қазақстанда вакцинация паспорты берілмейді. Вакцинация паспорты egov қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Себебі бұл қосымша медициналық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Науқас емханаға келіп, вакцинаның бірінші компонентін салады. Ол медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі. Біраз уақыттан кейін науқас екінші компонент алуға келеді. Ол да жүйеге еніп, кейін автоматты түрде вакцинация паспорты әзірленеді, - деді Рүстемова.

Оның айтуынша, паспортта науқастың жеке мәлемітенін бөлек екпені алған мекеме мен дәрігерге дейін жазылады.

Онда паспорт сериясы мен қандай вакцина алынғанына дейін жазылады. Сондықтан шетелде вакцина алып, елде вакцинация паспортын алу мүмкін емес, - деді Әлтия Рүстемова.
Еске салсақ, биыл ЭКО жасатуға қанша квота бөлінгені белгілі болды.


Өзгелердің жаңалығы