Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады

21 Наурыз 2019, 17:22
2339
Бөлісу:
Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» шекара заставасының аумағында кеше шекарашылар түн қараңғылығымен Қырғыз Республикасының аумағынан 60 бас жылқыны айдап, біздің елге өтіп келе жатқан 29 және 30 жастағы екі қазақстандықты ұстады. Шекарашылар осындай үлкен «олжадан» кейін қайта шыға қоймас деп ойлаған болуы керек, таң ата қырғыз жақтан 2 атты жетектеп келе жатқан 1984 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды", - делінген таратылған хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы