Шарында құтқарылған оқушының жағдайы тұрақты

31 Мамыр 2021, 14:55
3639
Бөлісу:
Шарында құтқарылған оқушының жағдайы тұрақты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Балалар ауруханасында Шарын шатқалындағы зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтылды.

Қалалық балалар аурханасы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова қыздың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

11 жасар оқушы қыз нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған бас-ми жарақаты, аяғында көптеген көгерулер мен орташа ауырлық диагнозы қойылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол хаттама бойынша ем қабылдап жатыр. Соққыдан аяғы көгерген, сүйегі аман, - дейді Жексенова.

Сонымен қатар ол қыздың жағдайы тұрақтанған соң онымен психологтар жұмыс істейтінін жеткізді.

Айта кетсек, 29 мамыр күні Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам қаза тапты. Олар №199 мектептің мұғалімі мен оқушысы. Сондай-ақ тағы алты адам зардап шеккен, олардың төртеуі аруханада емделіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы