Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: Екі қылмыстық іс қозғалды

2 Маусым 2021, 10:29
1580
Бөлісу:
Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға: Екі қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл туралы Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Екі қылмыстық бап (306 - бап 3-б (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер – төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) және 141-бап 2-б (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша тергеу басталды, - деп атап өтті ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалының төменгі бөлігінде лай көшкіні жүріп, салдарынан 6 адам зардап шегіп, 2 адам қайтыс болған еді. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шарын шатқалында қаза болған мұғалімді  (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы