Шарынға велосипедпен аттанған алматылықтарды жолда тонап кетті

12 Маусым 2020, 13:17
1881
Бөлісу:
Шарынға велосипедпен аттанған алматылықтарды жолда тонап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында жол бойында адам тонағандар ұсталды. 

Осы жылдың 9 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданындағы полиция басқармасының Шелек ауылдық бөлімшесіне 20 және 47 жастағы Алматының екі тұрғыны көмекпен жүгінді. Олар өз велосипедімен Шарынға турист ретінде бет алған. Алайда Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 76 шақырымында оларға белгісіз екі адам шабуыл жасап, бірінің 13 мың теңгесін және екіншісінің тізесін жарақаттаған. Жарақат алу себепті олардың саяхаты тоқтатылған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 199-бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды,-делінген хабарламада.

Осы жайттан кейін тергеушілер бірден іске кіріскен. Нәтижесінде Бәйдібек би ауылының 27 және 30 жастағы тұрғындары ұсталған. Айғақтарды көрсеткен соң олар өз кінәсін мойындаған. Күдіктілер уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Ұсталғандарға үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе сол мерзіммен дүние-мүлкі тәркілеу жазасы кесілуі мүмкін,-дейді Еңбекшіқазақ аудандық ПД-і Шелек полиция бөлімінің басшысы полиция майоры Дидар Базарбаев.

Өзгелердің жаңалығы