Бас жаңалықтар
Шаруаларға субсидия төлеу үшін 28 млрд теңге бөлінді
14 Қараша 2019, 21:06 264

Шаруаларға субсидия төлеу үшін 28 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін" инвестициялық субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге бөлінуіне қол жеткізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. 

Шаруалар бүгіннен бастап инвестициялық субсидияны алуға өтінім жаза алады. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шаруаларға маңызды мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады. Министрлікке жыл көлемінде шаруалар тарапынан қаражат алуға қосымша өтінімдер келіп түседі. Толассыз келіп түскен өтініштерді жауапсыз қалдырмау үшін кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық субсидиялауға қосымша 28,5 млрд. теңге бөлу мәселесін Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарды. Комиссия министрліктің бастамасын қолдады, - делінген таратылған ақпаратта. 
Инвестициялық субсидиялау шарттарына сәйкес өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Сондықтан 2019 жылдың соңына дейін бөлінетін қаражатты уақтылы игеру үшін министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне инвестициялық субсидиялауға өтінімдерді қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізуді және өңірлер бөлінісінде 28,5 млрд теңге сомасында қаржыландыру лимиттерін ашу туралы хат жолдады.
Осылайша, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері ағымдағы жылдың 13 қарашасынан бастап 1 желтоқсанына дейін инвестициялық субсидия алуға өтінім бере алады, - делінген ақпаратта.
 



Фото: дереккөз
Загрузка...