Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді

7 Қараша 2021, 17:29
1250
Бөлісу:
Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды ​​облысындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандардың барлық отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

Жұмыс беруші мен жұмысы арасында жасалған еңбек келісімшартына сәйкес қайтыс болған кеншілердің отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді, - деді министр.

Одан бөлек, Юрий Ильиннің сөзінше, жеке келісімдер аясында отбасылардың алған несиелерін жабу мәселесі де қарастырылады. Сондай-ақ қаза болғандардың кәмелет жасына толмаған студент балаларының оқу ақысын төлеу мәселесі көтеріледі.

Жеке еңбек келісімшарттарына сүйене отырып, мұқтаж жандарға баспана беру мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы