Бас жаңалықтар
Шағын жобалар мультипликативті әсер береді – депутат
13 Қазан 2021, 15:24 191

Шағын жобалар мультипликативті әсер береді – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов «Ұлттық және өңірлік деңгейлерде БҰҰ ДБ ҒЭҚ алтыншы фазасының табысты жобалық тәсілдерін ілгерілетуде ландшафтық өңірлерді шоғырландыру» жобасы аясындағы қорытынды семинарда айтты.

«Жасыл» технологиялар саласында жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Себебі ол технологиялардың тиімділігін арттырады. Ал ол экономика мен әлеуметтік салаға оң әсер етеді. ҒЭҚ жобасы аясында жүзеге асырылған іс-шаралар мультипликативті әсер беріп жатқанын көруге болады. Өткен жылы бірнеше аймақты аралап, материалдарды зерттедім. Осындай шағын жобалар кейін салаларды кеңейтуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Депутат атап өткендей, суармалы егіншілік пайда болғанда көбі оны түсінбеді.

Осындай шағын жобалардың көмегімен оның тиімділігі арта түсті. Осылайша, қамту кеңейе түсті. Осы жоба бойынша да нәтиже бар. Тарих қойнауына кетпей, әрі қарай нәтиже көрсетеді. Бұл технологиялар «жасыл» экономиканы дамыта түсуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетейік, семинарға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, 7 облыстың әкімдіктері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...