ШҚО ғалымдары өздері жасақтаған «Ақылды қала» жобасын ұсынды

19 Мамыр 2019, 16:48
4473
Бөлісу:
ШҚО ғалымдары өздері жасақтаған «Ақылды қала» жобасын ұсынды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығысқазақстандық ғалымдар өзін-өзі жетілдіріп отыратын «Ақылды қала» жүйесінің алғышарттарын дайындау үстінде. Бұл жөнінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында өткізілген жаңа жобалар көрмесінде хабарланды.

«Университет мамандары Ресейдің Қазан қаласына барып ол жақтан «Ақылды қала» жобасын енгізудің қыр-сырын үйреніп келді. Аталмыш бағдарлманың бірінші бөлімі бейнені танып-білуге бағытталған. Қазіргі уақытта біз бейнені танып-білетін бағдарламаны жасақтадық. Ол бірінші кезекте көлікті тұрақтандыруда, түрлі штаттық емес жағдайларда адамдарды бет-жүзі бойынша анықтауда, сондай-ақ скуд жүйелерде қолданылуы мүмкін», - деді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бірінші проректоры, техникалық ғылымдар кандидаты Сәуле Рахметуллина.

Лауазымды тұлғаның айтуынша, аталмыш жүйе күн сайын өзін-өзі жетілдіріп отыратын көрінеді. Университет ғимаратының кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы әр студенттің кіріп-шыққанын тіркеп отыратын жүйе адамдарды танып-білуге машықтануда. Сондай-ақ аталмыш жүйе қала ішіндегі бейнебақылау камераларымен кіріктірілсе қандайда бір жағдай бойынша іздестірілуде жүрген адамды деректер базасының көлеміне қарай екі минутқа дейінгі аралықта анықтай алатын мүмкіндігі бар.

«Қазіргі уақытта біз адамның бет-әлпетін анықтайтын электронды бағдарламаны жасақтауды аяқтап қалдық. Облыс әкімдігінің өкілі осы мәселелер бойынша Сингапурге аттанды. Біз ол жақтан алған бағдарламалық үлгі мен жергілікті ғалымдардың жасақтап жатқан бағдарламасын салыстырып көруіміз керек. Екеуінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралау қажет. Мүмкін бізге шетелдіктермен емес өзіміздің жергілікті мамандармен жұмыс істеген әлдеқайда тиімды шығар?», - деді көрме барсымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы