Ткаченко: Еліміздегі додада алғашқы алтылыққа енгенім қуантады

5 Қыркүйек 2021, 19:29
8002
Бөлісу:
Ткаченко: Еліміздегі додада алғашқы алтылыққа енгенім қуантады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинск қаласында тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы кезеңі өтуде. 

Аталған сында К-90 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко алтыншы орын алған болатын. 

Спортшы өз нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті, деп хабарлады Olympic.kz.

Соңғы секіргенім көңілімнен шығады. Бірінші мүмкіндігімді толық пайдалана алмадым. Ал екінші рет секіргенде биіктік те жоғары болды, жерге түсетін кезде де қате жібермедім. Жалпы есепте алтыншы орын алғаным үшін қуаныштымын, - деді ол.

Сонымен қатар ол спортта бәрі ойдағыдай шыға бермейтінін айтты. 

Жарыстың бүгінге ауысқаны да жақсы болды. Кеше кешкісін турнирдің ертеңге ауыстырылуы мүмкін екенін сездім де, бүгінгі таңға дайындалдым. Командаластарыма келетін болсам, Данил жерге қонатын кезде сәтсіздікке ұшырады. Ал Сабыржанның жеңіске деген жігері мықты болған сияқты. Сол себепті бәрі ойдағыдай шықпауы мүмкін, - дейді Ткаченко.

Өзгелердің жаңалығы