Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді.
Көлік құралын сенімхатпен сатқан азаматтар не істеуі керек? Сенімхатпен сатылған, бірақ пайдаланылмай жүрген көлікті есептен қалай шығаруға болады? Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысушылар халықты мазалайтын сұрақтарға жауап берді.
Сенімхатпен сатылған көліктерді сатып алған адам ол көліктердің меншік иесі болып есептелмейді. Яғни техникалық құжатта жазылған жүргізушінің атында қала береді. Демек, сенімхат оған толық меншік иелігін бермейді. Сондықтан көлік сенімхатпен сатылса, автокөліктің егесі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзінің атынан шығара алады. Ол үшін соңғы 3 жылдың ішінде көлік қолданыста болмаса, сондай-ақ, құқық бұзушылықтары тіркелмесе және көлік иесі салық міндеттемелерін уақытында төлесе, өз атынан шығаруына болады, - деді Ақтоты Боранова брифинг барысында.
Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметі алаңында автокөлікке салық төлеу бойынша хабарламалар неліктен келе бастағаны жайында айтылған болатын.