Сенбі, 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

1 Тамыз 2020, 08:35
1492
Бөлісу:
Сенбі, 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 тамыз, сенбі күні елімізде күн райы ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан күн ашық болады. Тек еліміздің оңтүстігі және батысында күн күркіреп, жауын-шашын түседі. Оңтүстік-шығыста және батыста бұршақ жаууы ықтимал.Республиканың кей жерінде жел күшейіп, батыста және солтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай жарқылдап, дауыл болады, жел екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Алматы, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Алматы облысында күн күркірейді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады.

Атырау, Қызылорда облыстары, Ақтөбе, Түркістан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.



Өзгелердің жаңалығы