Сенаторлар Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

12 Маусым 2019, 19:17
1906
Бөлісу:
Сенаторлар Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 маусымда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады Парламент сенатының баспасөз қызметі.   

Онда депутаттар Қазақстан Республикасының президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді. 

ҰҚК Төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. 

Сенаторлар Мәсімовті ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

«Кәрім Мәсімов барлық жұмыс аумақтарында өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адалдығын көрсетіп келеді», - деп атап өтті Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед

Депутаттар бұл ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірді.
 


Өзгелердің жаңалығы