Семейдің қай көшелері жөнделетіні айтылды

5 Маусым 2019, 20:33
1773
Бөлісу:
Семейдің қай көшелері жөнделетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдің 6 көшесі жөнделеді биыл. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Олар:

– сол жағалаудағы Бозтаев көшесі (айналма жол мен Селевин көшесінің аралығы);

– Глинка көшесі (айналма жол мен Рысқұлов көшесінің акралығы);

– Параллельная көшесі (Мичурин-Қаржаубайұлы көшелерінің аралығы);

– Дастенов көшесі (Қабылбаев-Трусов көшелерінің аралығы);

– Найманбаев көшесі (Чехов-Засядко, Мұхамедханов-Морозов көшелерінің аралығы);

– Қаржаубайұлы көшесі (Жангелдин-Мичурин көшелерінің аралығы).

Бұл мәселе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.

«Бұлардан бөлек Глинка көшесіне жауын суын ағызатын кәріз тартылады. Тортуарлар жөнделеді. Оған бюджеттен 40 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал көптен бері қозғалып келе жатқан бірінші аудандағы демалыс орынының ахуалы әлі де шешілмеді. Ол жерде реттеуді біз қарастырып жатырмыз», - деді Нұрлан Серғазинов.

Айтуынша, осы аталған істерге бюджеттен биыл 894 миллион теңге қарастырылыпты. Оған қосымша кей жолдарды тегістеу үшін 80 миллион теңге де бөлінген. Сондай-ақ қаланы көгалдандыру, қоқыс шығару, тазалық жұмыстарына 980 миллион теңге беріледі.

Өзгелердің жаңалығы