Қарағандыда 5 шағын саябақ салынып, 100 аула абаттандырылады

15 Мамыр 2019, 08:57
2978
Бөлісу:
Қарағандыда 5 шағын саябақ салынып, 100 аула абаттандырылады
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыс орталығындағы шағын саябақтардың саны артпақ. Абаттандыру аясында осы жылы қаланың 100 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелер жарықтандырылады.

Қарағандының Қазыбек би ауданында 50 және Октябрь ауданында 50 аула жаңартылады. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, алдағы уақыттары қаланың көшелері жарық, жолдары тегіс болмақ. Бұл үшін қалалық бюджеттен 1,7 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Қарағандыда 5 шағын саябақ салынып, 100 аула абаттандырылады

Кеншілер қаласының көшелері мен ықшам аудандарындағы жөндеу жұмыстары қызып тұр. Тас жолдар мен тротуарлар жөнделіп, асфальт төселуде. Үстіміздегі жылдың қазан айына дейін 100 аулада жарық шамдар орнатылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады. Осылайша қала тұрғындарының жайлылығы үшін жағдай жасалмақ. Сонымен қатар, қаланың бес жерінде шағын демалыс саябақтары пайда болады.

«Аулаларды абаттандыру жоспарына сай өткен жылы қаламызда 100 аула жөнделсе, биыл 100, ал келесі жылы 123 аула жаңартылады. Осылайша келесі жылдың соңына дейін Қарағандыда барлық аула қалпына келтірілетін болады. 2019 жылы аулалардағы жөндеу жұмыстарын атқаратын мердігерлер анықталған. Олар алдымен жолдарға асфальт төсеп, тротуарларды қалпына келтіріп, жолжиектерді орналастарады. Содан кейін аулалар жарықтандырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады», - дейді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Аулаларды абаттандырудың екінші кезеңі 2020 жылы басталады. Онда аулаларға балалар және спорт алаңдары орнатылатын болады.

«Өткен жылы екі саябақ пен құрғақ фонтан салдық. Ал биыл Н.Назарбаев, Бұқар жырау даңғылдары мен Гоголь, Полетаев, Язев көшелерінде шағын саябақтар салу жоспарланған. Бұл қаланы абаттандырудағы бірінші кезең болмақ. Екінші кезеңде аулаларға балалар алаңқайы орнатылатын болады. Бұл келесі жылға жоспарланған», - дейді қалалық жоспарлау және абаттандыру бөлімінің басшысы Ербол Нукич.

Қарағандыда 5 шағын саябақ салынып, 100 аула абаттандырылады

Бөлім басшысы балалар алаңқайларының не себепті екінші кезеңде орнатылатын түсіндіріп өтті.

«Біз балаларға және үлкендерге арналған спорт алаңдарын орнатудың тұжырымдамасын әрдайым пысықтап отырамыз. Бұл алаңқайларға заманға сай әрі балалардың өміріне қауіп төндірмейтін қандай элементтерді қоюға болатынын ойластырамыз. Алайда, ең алдымен ауланы абаттандыруды аяқтау қажет. Себебі аулада жарық пен асфальт болмайынша балалар алаңын орнатудың қажеттілігі жоқ», - дейді бөлім басшысы.

Өзгелердің жаңалығы