Сауда үйінің едені неліктен құлпытас бөлшектерінен төселгені белгілі болды

26 Қазан 2019, 17:36
2953
Бөлісу:
Сауда үйінің едені неліктен құлпытас бөлшектерінен төселгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мозаикалық еденді төсеу үшін қолданылған құлпытас сынықтары гранит өндірісінің қалдығы екені анықталды.

YK-news.kz хабарлауынша, жеке кәсіпкер Козырев материалды жеткізуге жауапты болған. Гранит өңдеу шеберханасындағылар жағдайды түсіндіріп өтті.

"Біз қаптау жұмыстарымен де айналысамыз. Бізге Қытайдан және Алматыдан алдын ала кесілген граниттер жеткізіледі. Біз оларды арнай контейнерге жинақтаймыз. Құлпытастарға портрет салатын суретші тапсырыс берген адам бас тартқаннан кейін құлпытасты дәл сол контейнерге салған. Жұмысшылар материалды сорттап алулары керек еді. Алайда, байқамай қалған болуы керек", - деді шеберхана өкілі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде "Алем" сауда үйінен түсірілген фото мен видео желіде тарап кетті. Суреттерде мозаикалық еденді төсеген кезде қайтыс болған адамдардың портреттері бейнеленген құлпытастардың қалдықтары пайдаланылғаны көрініп тұр.

"Алем" сауда үйінің әкімшілігі аталмыш деректі растап, бар жауапкершілік тапсырысты жасаған адамға жүктелетінін айтты.


Өзгелердің жаңалығы