Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

9 Ақпан 2020, 00:50
3073
Бөлісу:
Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап шықты. Сонымен  қатар вице-премьер Қарасу және Сортөбе шекара пункттерінің, оның ішінде сантариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмыс барысын тексерді, деп жазды primeminister.kz. 

Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

Б. Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті. 

Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты. Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын. 

Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

Көшелерде адамдар мен машиналар жоқ, ауылдардың арасында да еш қозғалыс байқалмайды. Нұр-Сұлтан қаласынан барған Үкімет комиссиясы жергілікті жердегі жағдайды бақылау үшін Қордай ауданында қалады.  

Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді

Сапарбаев түңгі уақытта Қордай ауданындағы қауіпсіздікті тексерді


Өзгелердің жаңалығы