Салық заңнамасы: Енді қате төленген салық сомасы 5 күннің ішінде қайтарылады

19 Қаңтар 2021, 15:44
2090
Бөлісу:
Салық заңнамасы: Енді қате төленген салық сомасы 5 күннің ішінде қайтарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева салық міндеттемелерінің орындалуын есептеу бойынша салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып берді.

Барлық салық төлеуші үшін маңызды өзгерістің бірі – ол есепке алу және қайтару мерзімдері қысқарды. Мысалы бұған дейін мемлекеттік бюджетке төленген артық немесе қате төленген сома болса, оны 10 жұмыс күнінің ішінде қайтаратын. Енді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай сомалар 5 жұмыс күнінің ішінде қайтарылады, - деп түсіндірді Айнұр Сартаева МКК-нің Youtube арнасында өткен брифингте.

Еске сала кетсек, 2020 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер органының әзірлеген Е-салық мобильді қосымшасы іске қосылды. Осы қосымшаны салық төлеушілер салық міндеттемелерін орындау үшін пайдалана алады.

Осылайша, жеке тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие болып отыр. Салық әмиянынан ақша автоматты түрде салық міндеттемелері туындаған салықтарға кетіп отырады. Бұл қосымша өте ыңғайлы, реквизиттерді, шоттарды толтыруды қажет етпейді. Барлық реквизит автоматты түрде мобильді қосымшада өзі толтырылады. Сондай-ақ бұл салықтардың қате төленуінің алдын алады және салықтардың дұрыс түсуіне кепілдік береді, - деп айтты ол.
Өзгелердің жаңалығы