Бас жаңалықтар
Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
22 Маусым 2021, 05:37 1772

Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің күні анықталды, деп хабарлады Prosports.kz.

Eye of Tiger Management командасы Instagram-дағы парақшасында Ахмедовтің жекпе-жегі туралы хабарлады.

Ұйым Садриддин Ахмедов (12-0-0, 11 КО) және кіші Ив Улиссес (19-2-0, 10 КО) қатысатын бокс кешінің кардын қуана ұсынады. 16 шілдеде Gervais Auto орталығында, Шавиниган, Канада, – деп жазды ақпарат көзі.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін қаңтарда өткізіп, голландиялық Стивен Данжоны жеңіп, орта салмақтағы WBC Francophone, WBA Continental және NABF титулдарына ие болды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...