Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының (17 697 теңге) 100% мөлшерінде қосымша ақы беріледі,деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында берген есебінде.
Ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына лауазымдық жалақыларының мөлшерінде 1,75 коэффициенті сақталған. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 25%-ға ұлғайып отырады.Спорт саласындағы жаттықтырушы-оқытушылардың, мұғалімдердің, 4 мектеп-интернаты мен спорт колледжі тәрбиешілерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы көтеріледі, - деді министр.
Министр спортшылардың допингке қарсы зертхана мен ұлттық допингке қарсы орталықтар қызметкерлеріне де ақы қосылатынын айтты.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік-талдау орталығы, спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгіленді. Осылайша, олардың жалақысы 2 есеге артты, - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министр бұл бағытта жұмыс жалғасатынын жеткізді.
Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері біз үшін өзекті. Осыған байланысты сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуды, жұмыстың ерекшеліктері бар мамандар үшін төлем мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл мамандықтың беделін арттып ғана қоймай мультипликативті әсерін береді, - деді министр.
Оқи отырыңыз: