Сәуірдің соңғы демалыс күндері жауын-шашынды болады

26 Сәуір 2019, 13:41
1985
Бөлісу:
Сәуірдің соңғы демалыс күндері жауын-шашынды  болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің хабарлауынша, көпжылдық мәліметтерге сәйкес Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір және мамыр айларында ең көп жауын-шашын мөлшері түседі. Осы жылдың сәуір айы да соған дәлел, өйткені, 25 күннің 19 күні жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауын-шашын түсті.

Сонымен қатар республиканың басқа аймақтарында да сәуір айы жауын-шашынды болды. Сәуірдің соңғы демалыс күндері де Баренцева және Карск теңіздерінен жылжыйтын суық атмосфералық фронттармен, көптеген аймақта жаңбыр, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жылбысқы қарға ауысуы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Тек жексенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы