Румынияда 12-15 жас аралығындағы балаларға екпе сала бастады

3 Маусым 2021, 15:40
1644
Бөлісу:
Румынияда 12-15 жас аралығындағы балаларға екпе сала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румынияда 12-15 жас аралығындағы балаларға BioNTech/Pfizer екпесін салдыра бастады. Ел астанасы Бухарестте  29 мамырда қалалық саябақтардың бірінде екі мобильді егу станциясы қойылды.


Станциялардың қызметкерлері екпе қабылдауға ниетті азаматтарды вакцинациялай бастады.

Румынияның Hotnews.ro. жаңалықтар порталының хабарлауынша, балаларды егу ата-аналар вакцинацияға келісім беру туралы құжатқа қол қойғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Ал Нидерландыда маусым айының басынан локдаун талаптары жеңілдетілмек. Атап айтқанда, барлар мен мейрамханалар келушілерге көшеде ғана емес, ішкі бөлмелерде де қызмет ете көрсете алатын болады. Сонымен қатар, елде музейлер ашылады деп күтілуде.

Францияда Версаль сарайының аумағында коронавирусқа қарсы егу пункті ашылды. Тұрғындар екпені қабылдаған соң, цитрус ағаштары бар бақшаны аралап, француз патшаларының бұрынғы резиденциясының бай сәулетін тамашалай алады. Жергілікті биліктің айтуынша, бес күн ішінде мұнда бес мың адам дозасын ала алады.

Айта кетейік, Сovid-19 қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 24 миллионға жуық француз салдырған. Ал 31 мамырдан бастап вакцинация жасы 18-ден асқан Францияның кез-келген тұрғыны үшін қолжетімді болады.


Өзгелердің жаңалығы