"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн". 10 айда 400-ге жуық әйел көмек алды

25 Қараша 2019, 12:24
3335
Бөлісу:
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн". 10 айда 400-ге жуық әйел көмек алды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты республикалық акция басталды. Бұл акция тек елордада ғана емес, республикалық деңгейде өтеді. 

Бұл туралы елордада "Бақытты отбасы" жанұялық соты жанындағы отбасыларды ресурстық қолдау орталығының сарапшылары хабарлады. Жобаның операторы – "Дағдарыс орталықтарының одағы" Заңды тұлғалардың бірлестігі. 

"Бақытты отбасы" жобасының аясында еліміздің 8 өңірінде отбасыларды ресурстық қолдау орталықтары ашылған.  

Полиция департаменті осы мәселелермен қалай күресіп жатыр, қандай заңдарға сүйеніп әрекет етеді деген сұраққа қалалық полиция өкілі жауап берді. 

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" деп аталатын республикалық акция басталды. Акцияның шығу тарихы сонау алпысыншы жылдардан бастау алған. Доминикан республикасында диктаторға қарсы Мариа Баль деген отбасының үш қызы зорлық-зомбылықа қарсы шыққан. Кешенді үлкен іс шаралар өткіземіз. Негізінде зорлық зомбылық көбінесе ерлі зайыптылардың материалдық қызығушылықтар, несиені төлеу, қаражаттың жетіспеуі және қызғаныштан туындайды.Физикалық зорлық, күш көрсету, қол көтеру жиі орын алады. Ертең баласының соны қайталамауына кім кепіл бермек. Елордада 13 үкіметтік емес ұйымдар мен 2 дағдарыс орталықтары бар. Осы 10 айдың ішінде 400-ге жуық әйелдер шағымданып, көмекке жүгінген. Оларға құқықтық, психологиялық кешенді көмек көрсетілді. Оларға дер кезінде көмек көрсетіліп,  жалғыз емес екендігін сезінді, - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің инспекторы, полиция майоры Гүлмира Шрахметова. 

Желіге хабарласқан әйел адамдарды тіркеп отырады. Сосын барып талдау жасаймыз. Көп жағдайда қаржылық қиындықтар себеп болады екен.
Оның айтуынша, әйел адамды кемсіту, "сен түк білмейсің" деп ар-намысына, қадір-қасиетіне қол сұғу көп кездеседі. Инспекторлар келіп сол кикілжіңді шешуге көмек көрсетеді. Яғни, әйел адам өз-өзіне келгенше оларға "қорғау нұсқамасы" қойылады екен. 

Көп жағдайларда өз отбасына қайтып, татуласып жатыр. 2012 жылы Жанұялық соттың құрылғаны біздің жұмысымызды жеңілдетіп отыр. Ашу-ыза жағдайында адамдар ойланбастан әркетттерге барып жатады. Әйелдер әлсіз, нәзік. Кейде өздерін қорғай алмайды. "Қазақ халқы жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған" халықпыз. Кейінгі кезде талай ғасырмен, халықтың даналығымен келген қазақи отбасылық құндылықтар жоғалып барады. Егер сол құндылықтарды сақтап қалсақ, мұндай отбасылық түйіткілдер орын алмас еді, - деп атап өтті қалалық полиция майоры.

Өзгелердің жаңалығы