Бас жаңалықтар
ІІМ республика бойынша «Жолда қабылдау» акциясын қолға алды
03 Сәуiр 2019, 19:49 1141

ІІМ республика бойынша «Жолда қабылдау» акциясын қолға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елді мекендерде азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар барады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасымен халықпен кері байланысты жолға қою, полиция бөлімшелері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильдік акциясы өткізіледі. Акция 5 және 6 сәуір күндері өтеді деп жоспарлануда.

Еліміздің барлық өңірлерінде, қалалар мен аудан орталықтарында полиция департаменттерінің, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізеді.

Елді мекендерде азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар барады. Осы мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымдана алады немесе полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы біле алады және ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Республика бойынша барлығы 250 мобильдік қабылдау пункттері жұмыс істейтін болады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан бөліністері, жол-техникалық бақылау және әкімшілік практика басшылары да жұмыс істейтін болады.

«Жолда қабылдау» акциясынның өткізілетін орны және әрбір қала мен аудандағы мобильдік пункттердің орналасуын ІІМ-нің порталынан және полиция департаменттерінің кіші порталында және ішкі істер органдарының әлеуметтік желілердегі прақшаларынан білуге болады.

 

Загрузка...