Ресейде ұшақ апаты болып, бірнеше адам көз жұмды

19 Маусым 2021, 12:46
3231
Бөлісу:
Ресейде ұшақ апаты болып, бірнеше адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемеров облысында Л-410 ұшағы апатты жағдайда қонып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазды РИА Новости.

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі қайғылы оқиғаның Журавлево аулының маңында болғанын хабарлаған. Бастапқыда бортта 20 адам болғаны және 18 адамның зардап шегіп, екі пилоттың көз жұмғаны туралы ақпарат тараған. 

Кейіннен төтенше жағдайлар қызметі 15 адамның зардап шегіп, төртеуінің қаза тапқанын хабарлады. Батыс Сібір көлік прокуратурасы ұшақтың қозғалтқышы істен шығып, қону кезінде ормандағы ағаштарға соқтығысқанын айтады. 

Прокуратура өкілінің айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша  ұшақта 15 парашютист пен экипаждың екі мүшесі болған. 

Зардап шеккендердің төртеуінің халі ауыр. 11–інің жағдайы орташа ауыр. Төрт адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы