Ресейде Ми-8 әскери тікұшағы құлады

26 Мамыр 2020, 23:37
2011
Бөлісу:
Ресейде Ми-8 әскери тікұшағы құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Чукотка автономиялық округінде Ми-8 әскери тікұшағы апатты жағдайда қонып, жерге соғылғаннан кейін өртеніп кетті. Апаттан экипаждың төрт мүшесі мерт болды, деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігіне аймақ басшылығына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық қызмет көрсетуден кейінгі пайда болған ақау себеп болған. Өртенген тікұшақтың "қара жәшігі" табылған.

Ресей қорғаныс министлігінің хабарлауынша, тікұшақ оқу-жаттығу кезінде "Угольные Копи" аэродромы аумағында апатқа ұшыраған.

Өзгелердің жаңалығы