Ресей Үкіметінің басшысынан коронавирус анықталды

1 Мамыр 2020, 01:17
1892
Бөлісу:
Ресей Үкіметінің басшысынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустин өзіне коронавирус диагнозы қойылғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Коронавирусқа берген сынақтарым оң нәтиже бергені белгілі болды, - деді министрлер кабинеті басшысы президент Владимир Путинмен бейнесұхбат барысында.
Мишустин өзінің бірінші орынбасары Андрей Белоусовты уақытша министрлер кабинетінің басшысының міндетін атқарушы қызметіне ұсынды.
Үкімет әдеттегідей жұмысын жалғастырады. Мен барлық маңызды мәселелер бойынша телефонмен және бейнесюжеттермен белсенді байланыста болуды жоспарлап отырмын. Уақытша Андрей Ремович Белоусовтың кандидатурасын ұсынамын, - деді Премьер-министр.


Өзгелердің жаңалығы