Ресей COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды бастады

15 Тамыз 2020, 19:42
2245
Бөлісу:
Ресей COVID-19-ға қарсы вакцина шығаруды бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Гамалея орталығы жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны өндіруге кірісті, деп хабарлады РИА Новости Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы әзірлеген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны шығара бастады, делінген хабарламада.

"Спутник V" деп аталған вакцина екі айдай уақыт клиникалық сынақтардан өтті. COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны 38 ерікті өзіне салдырды. Зерттеулер көрсеткендей, эксперименттің барлық қатысушысының ағзасында иммунитет пайда болды. 

Вакцина 11 тамызда тіркелді. Ресей президенті Владимир Путин қыздарының бірі жаңа вакцинаны салдырып көргенін айтты.

Ресейде халықты жаппай вакцинациялау қазан айында басталады деп жоспарлануда.

Бұған дейін "Р-Фарм" компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы, "Деловая Россияның" басқарма төрағасы Алексей Репик вакцинаның екі дозасының сыртқы нарықтағы құны кем дегенде 10 доллар болатынын айтқан болатын.  


Өзгелердің жаңалығы