Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында "Астана медицина университеті" КЕАҚ кафедрасының доценті Баян Тұрдалина айтты.
Дүниежүзі бойынша пандемия болғанға дейін ҚР-да клиникалық хаттаманың ең алғашқы нұсқасы ақпан айында дайын болған еді. Сол уақыттан бері еліміздің жетекші ғалымдары, клиницистері клиникалық хаттаманың жаңартылуы бойынша жұмыс істеп келеді. Клиникалық хаттаманың құрамындағы антибактериалды терапия бөліміне тоқталар болсам, коронавирус инфекциясы вирусты инфекция болғандықтан, оның тікелей көрсеткіштері жоқ. Науқасқа жекелей қолданған жағдайда антибактериалды терапияны егер қосалқы бактериалды инфекция қосылған жағдайда ғана қолданған дұрыс. Оны дәрігер ғана нақты айтып бере алады. Мұның барлығы клиникалық хаттамада жазылған, - деді ол.
Ол, сондай-ақ, "Дексаметазон" препаратын пайдалануға қатысты халық арасында сұрақтар туындап жатқанына тоқталды.
"Дексаметазон" препараты – көрсеткіштер бойынша қабынуға қарсы әсер ететін, амбулаторлық жағдайда емес, тек стационардағы жағдайы өте ауыр пациенттерге қолданылады. Бұл да клиникалық хаттамада көрсетілген. Жалпы, препараттардың жетіспеушілігіне байланысты сұрақтар да бар. Азаматтардың препараттарды қор ретінде сатып алу жағдайларының көп болғанына, кейбір ақпараттардың әлеуметтік желілерде дұрыс таралмауына байланысты осындай қиындықтар туындауда. Сондықтан, халыққа тек ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сүйену керегін ескертеміз. Жергілікті жерлердегі дәрігерлерге де айтатынымыз – клиникалық хаттама ресми сайттарда жүйелі түрде хабарланып отырады. Әрбір дәрігер сол хаттама арқылы жұмыс істеуі керек, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желілерде тарап жатқан шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты ойын білдірген болатын.