Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды
03 Сәуiр 2019, 22:03 830

Қызылорда облысында мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысының баспасөз қызметі хабарлады.

Шиелі кентінде мемлекеттік рәміздер алаңының ашылу салтанаты өтті. Рәміздер алаңында Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимннің мәтіні және биіктігі 23 метр болатын  Мемлекеттік Ту орналасқан.

"Қазақ елінің тәуелсіздік алып, әлем елдерімен терезе теңестіріп, шекарасын шегендеп, бірлігін бекемдеп, мемлекеттік рәміздерін бекіткеніне биыл 28 жыл толады. Бұл - аз уақыт болғанымен, әлем картасында Қазақстан деген дербес мемлекеттің бар екенінің бірегей белгісі. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі – Көк Байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі» деген халық жүрегінен орын алған дана сөзі бар. Рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін де белгілейді. Бүгін, міне, Көк Байрағымызды биікке көтеріп, Мемлекеттік Рәміздер алаңын ашқалы тұрмыз», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, алаңда кент тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін барлық жағдай жасалып, іргелес аумақ қоршалған, жасыл желектер отырғызылып, демалушыларға арналған орындықтар орнатылған. Бұл жер мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ант қабылдау, әскерге шақырылушыларды шығарып салу және басқа да патриоттық іс-шаралар,  ресми мерекелік жиындар өткізілетін орынға айналады.

Рәміздер алаңының ашылу рәсімінде сот саласының ардагері Тұрмат Баймағамбет аудан тұрғындарын құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы рәміздер алаңы Қазалы және Арал аудандарында ашылған еді, келешекте барлық 7 ауданда да салынатын болады.

Сонымен қатар, бүгін "Рухани жаңғыру" аллеясы ашылды. Онда 11 метрлік "Қазақ елі" мен "Қазақ хандығы" монументі, Қазақ халқының ежелгі дәуірі, лайдбокстарда Тәуелсіздік жылдарындағы қабылданған 

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық