ҚТЖ жол билеттерінің тапшылығына шағымданғандарға жауап берді

18 Шілде 2019, 11:58
3152
Бөлісу:
ҚТЖ жол билеттерінің тапшылығына шағымданғандарға жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол билеттерінің алдын ала сатылуына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз орталығы хабарлады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 45 күн бұрын ерте алынатын жол билеттерінің тапшылығы туралы шағымдар көптеп түсуде. Көп жағдайда жолушылар билеттерді түнгі 00.00 сағатта іздестіре бастайды. Алайда, 45 тәулік бұрын сатылатын жол жүру құжаттары сатылымға таңғы сағат 7:00-де шығатынын естеріңізге саламыз. Бұл уақыт қала маңы бағыттарына да тиесілі. EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында билеттерді рәсімдеу технологиялық үзіліс кезінде, яғни таңғы сағат 4:50 мен 5:50 аралғында тоқтатылады», - деп хабарлады тасымалдаушы компанияда.

Сонымен бірге, компания жолаушыларға жаңа қызмет – Күту парақшасын ұсынады. Бұл қызмет компанияға қарасты барша кассада жұмыс істейді.

«Керекті бағытта билет тапшы болған жағдайда жолаушы кассада күту парақшасына тіркелу қажет. Айналымға билетттер түскен кезде жолаушының электрондық поштасына хабарлама түседі. Жолаушы екі сағат ішінде сол билетті Компанияға қарасты кез келген кассада сатып алуы керек. Алдағы уақытта Күту парақшасы қызметі электрондық билет сататын сайттарға да енгізіледі», - делінген хабарламада.  

Ұлттық тасымалдаушы компания жол билеттерін тек ресми кассалар мен арнайы сайттарда да ғана рәсімдеу керектігін ескертіп, алыпсатарлардан сақ болуға шақырды.

«Егер де заңсыз билет сататын алаяқтарға тап болсаңыз – фото-бейне түсіріп, компанияның бас директорының блогына жіберулеріңізді сұраймыз», - деп өтінді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да.

Өзгелердің жаңалығы