Бас жаңалықтар
Елорда атауын Нұр-Сұлтанға ɵзгертiлуiн ҚазАТУ жастары бірауыздан қолдайды
22 Наурыз 2019, 14:26 573

Елорда атауын Нұр-Сұлтанға ɵзгертiлуiн ҚазАТУ жастары бірауыздан қолдайды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiнiң Жастар iсi жɵнiндегi комитет тɵрағасы Ақылбек Данабекұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы дала төрінен асқақтаған  ғажап қала тұрғызуының өзі теңдессіз қайсарлық екенін алға тартады.

«Астана - ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Астана - отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі», - деп Елбасымыз атап кеттi!!! Елорда жастарының, жалпы, қазақстандық жастардың жүрегiнде Елбасы мəңгiлiк қалады!!!  Себебi, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында, кемеңгер ұшқыр ойының, мықты идеяларының арқасында бейбiт тыныш заманда ɵмiр сүрiп келемiз! Аллаға шүкiр халқымызға деп жасаған жақсылығын, жастарға деген қамқорлығын ешқашан ұмытпаймыз!», - деді Ақылбек Данабекұлы.

Елорда атауын «Нұр-Сұлтан» деп ɵзгертiлуiн ҚазАТУ жастары бірауыздан қолдайтынын білдірген ол жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер Нұрсұлтан Әбішұлының Ұлы дала төрінен асқақтаған ғажап қала тұрғызуының өзі теңдессіз қайсарлық екенін алға тартады.

«Мiне, сол үшiн Тұңғыш Президентiмiз ɵзi қалаған қаласына сый қылып, бір ел болып есiмiн берсек қандай керемет! «Нұр-Сұлтан» деп қойылса, дəл Елбасы сияқты дара, ақылды, дана ұрпақтар көбейсін. Ал тұрғындары Тұңғыш Президенттей кɵшбасшы болсын. Елбасын қолдаушы күш – жастар! Өзім сияқты жастарға айтарым: Елбасы салып кеткен сара жолды одан əрi жалғастырып, жерімізді кɵркейтіп, еліміздің өркендеуіне атсалысайық!», - деп қосты Ақылбек Данабекұлы.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық