Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамыздың түнінде Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясы аумағында өрт болған еді. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, онда "Томирис" фильмінің декорациясы жанған.
Оқи отырыңыз:
"Қазақфильмде" өрт шықты. Аумағы 400 ш.м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш.м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым, - деп жазды Twitter-дегі парақшасында қала әкімі.Еске сала кетсек, өрт туралы хабарлама 14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден келіп түскен.