Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттігінің финалы» өтті. Алматының «Қайраты» атақты «Барселонаны» жеңгенімен, финалда Португалияның «Спортинг» клубынан ұтылып қалды. Сөйтіп, екінші орынды қанағат тұтты.
UEFA-ның бұл турнирінің финалдық матчтары Алматыда үшінші рет ұйымдастырылды. Бұған дейін 2011 және 2017 жылдары футзалдан Еуропаның ең үздік төрт командасы елімізге келіп, бақ сынаған болатын.«Алматы-Арена» кешенінде әуелі жартылай финалдық ойындар өтті. «Интер» (Испания) – «Спортинг» (Португалия) және «Барселона» (Испания) – «Қайрат» (Қазақстан) кездесті. Алдымен, алаңға «Интер» мен «Спортинг» шықты. Бұл матчта 5:3 есебімен Португалия клубы жеңіске жетті.
Екінші жұпта «Қайрат» атақты Испанияның «Барселона» клубын тізе бүктірді. Қорытынды - 5:2.
Өкінішке қарай, жерлестеріміздің финалда жолы болған жоқ. Португалияның «Спортинг» клубы чемпиондықты алып кетті.
Ал қола жүлде үшін тартыста екі Испания клубы жолықты. Бұл жолы «Барселонаның» жолы болды.
«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - 2:1
Оқи отырыңыз: