"Қауіпсіздік сертификатын орнаттым, мәселе жоқ". Жұмағалиев интернеттің нашарлауы туралы

26 Шілде 2019, 12:40
2548
Бөлісу:
"Қауіпсіздік сертификатын орнаттым, мәселе жоқ". Жұмағалиев интернеттің нашарлауы туралы

Нұ-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатын орнатпаған қолданушыларда интернетке қолжетімділіктің нашарлағаны жөнінде пікір білдірді.

"Байланыс сапасына келер болсақ, қауіпсіздік сертификатымен байланысты жабдықтарды жөндеу жұмыстары басталған соң біз байланысқа қолжетімділікке қатысты қандай да бір проблемалар болуы мүмкін деп тиісті ақпаратты бірден жарияладық. Бірақ мұндай проблемалар уақытша. Қауіпсіздік сертификатын орнаттым, менде қандай да бір мәселе жоқ", - деді Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министр мұндай мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік техникалыққа қызметке (МТҚ- авт.) жүгіну қажет екенін айтты.

"Менің ойымша, мемлекеттік техникалық қызметке жүгіну қажет. Олар барлық мәселені қарастырады. Әлдекімде қандай да бір проблемалар туындаса, МТҚ бұл тұрғыда көмек көрсетуге дайын. Мұндай жағдайда байланыс операторлары да сізге көмек көрсетеді деп ойлаймын", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ұялы телефонына қауіпсіздік сертификатын орнату үшін SMS күтіп жүргенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол қауіпсіздік сертификаты бір айда 130 мың кибершабуылдан қорғағанын айтты. 

Ал ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова интернетте анықталған құқыққа қарсы материалдар 90%-ы терроризмді насихаттайтынын атап өтті.




Өзгелердің жаңалығы