Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.</h4>

 22 Қаңтар 2020 2020, 11:14
22 Қаңтар 2020 2020, 11:14
2143

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.
Наверх