Бас жаңалықтар
Президент Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша тапсырма берді
12 Сәуiр 2019, 11:36 637

Президент Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі жалғасып жатыр. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында жарияланды.

«Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Жаңа өзен қаласын дамыту мәселесіне тоқталды.

 «Өңірдегі тағы бір маңызды мәселе – Жаңаөзен қаласын дамыту. Қала тұрғындарын жұмыспен, баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – негізгі міндет. Бұл мәселе бойынша Үкімет кешенді жоспарын әзірледі. Оны міндетті түрде жүзеге асыру керек» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жаңаөзендіктерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешу жолын айтты.

«Ақтау қаласында Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен, тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз ету үшін квота қарастыру керек. Облыс жастарын тек Ақтауға ғана емес, еліміздің батысындағы кен орындарына, мысалы, Теңіз мұнай кенішіне барып, вахталық әдіспен жұмыс істеуге шақырамын», – деді Президент.
Загрузка...