Президент биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды

26 Қаңтар 2021, 13:40
3593
Бөлісу:
Президент биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты.

Партияның сайлауалды тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді. Қазір бұл жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын, - деп тапсырма берді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленуде. Алайда олардың 36%-ы канализациясыз, 29%–ы ыстық сусыз және 11%-ы жылы дәретханаларсыз.

Үкімет жоғары оқу орындары үшін бөлінетін мемлекеттік гранттарды нарықтың нақты қажеттіліктерімен тығыз байланыстыруды қамтамасыз етуі керек. Жыл сайын бөлінетін, мысалы, 50 мың грант сұранысқа сай мамандықтармен үнемі қамтамасыз етіле бермейді. Бюджет қаражаты текке кетіп жатыр. Менің тапсырмама сәйкес Үкімет сапасыз білім беретін ЖОО-лар санын қысқарту бойынша жұмыс істеп келеді, - деп атап өтті Президент.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылордадағы қиын жағдай туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы