Президенттің «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі басталды

13 Ақпан 2019, 16:15
3433
Бөлісу:
 Президенттің «100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі басталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі басталды.


2018 жылдың қыркүйек айында елімізде «100 жаңа есім» республикалық жобасының екінші маусымы басталған болатын. 

«100 жаңа есім» жобасы Қазақстанда ерекше талантты және тұлғалық сипатқа ие адамдарды анықтап, танытуға бағытталған. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өз дара жолы өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. 

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған жобаның бұл жолғы ерекшеліктеріне келсек, үміткердің өзін ұсынуға және үміткерді ұйым атынан ұсынуға рұқсат етілді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне басымдық берілді. Сол сияқты алғашқы жобаның іріктеу кезеңінен өтпей қалған үміткерлерге осы жолы тағы да қатысу құқығы берілді. 

Өтінім 2018 жылғы қазанның ортасына дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданды, одан әрі қараша айы бойы онлайн дауыс берумен жалғасты. 

«100 жаңа есім» жобасының жаңа маусымында үміткерді таңдауда қойылған басты талап, ол адамның тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосуы болды. Үміткерлерді анықтауда әділ қазылар алқасы болған жоқ, лайықты деген азаматты халық дауыс беру арқылы өзі таңдады. 

Ал 2017 жылы аталған жобаға 2 мыңнан аса өтінім қабылданған болатын. Оның ішінде 302 үміткер іріктеу кезеңінен өтіп, 102 үміткер «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған еді.
Қымбат Елтайқызы

Өзгелердің жаңалығы