Рұқсат берді екен деп вагондар арасында оңды-солды жүре беруге болмайды – ҚТЖ

20 Мамыр 2020, 12:36
1444
Бөлісу:
Рұқсат берді екен деп вагондар арасында оңды-солды жүре беруге болмайды – ҚТЖ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" АҚ-ның Маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары Мұхтар Махамбет брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, пандемия кезінде жолаушылар пойызы тоқтатылған. Ал жүк пойыздар Қазақстан ішінде жүріп жатыр. 
Жолаушылар пойыздары 1 маусымнан басап жүре бастайды. Дегенмен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Пойызға кірерде адамдардың дене қызуы тексеріледі. Оған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бірінші кезекте жолаушылардың өзіне қатысты. Әркім жеке басының қауіпсіздігі үшін маскасын, қолғабын киюі керек. Рұқсат берді екен деп вагондар арасында оңды-солды жүре бермегені жөн, - деді ол.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдай кезіндегі екі айда жүк тасымалы жоспары төмендемегенін айтты.
Бұл кезде кейбір жерде жүк тасымалы төмендегенімен, қосымша жүк тасымалдар шығып тұрды. Сондықтан жалпы жоспар төмендеген жоқ. Біздің мекеме карантин кезінде көптеген тұтынушыларға, яғни тауар жіберумен айналысатын фирмаларға жеңілдіктер жасады, - деді Мұхтар Махамбет. 

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" АҚ-да жыл басынан бері жемқорлық дерегі тіркелмегені туралы хабарлаған едік.


Өзгелердің жаңалығы