«Потенциал бар, өсім жоқ». Нығматулин агроөнеркәсіп кешені туралы

24 Мамыр 2019, 11:59
5244
Бөлісу:
«Потенциал бар, өсім жоқ». Нығматулин агроөнеркәсіп кешені туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі төмен екенін, сол себепті әлі күнге дейін өнімдерді импорттап отырғанымызды айтты. 

«Отандық мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, әлі де шешімін таппаған бірқатар мәселе бар. Біріншіден, бұл – өңдеуші кәсіпорындардың төмен жүктемесі. Осыған толық тоқталып өтейін. Бүгінде біз еттің тек 33%-ы мен сүттің 31%-ын ғана өңдейміз. Елдегі барлық өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі әлі де төмен, 60% деңгейінде», - деді Нығматулин.

Мәжіліс спикері Ресей мен Беларусь елінде осындай кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесі бүгінде 80%-дан асатынын айтты. Соның нәтижесінде ресейлік және белоруссиялық өнімдер Қазақстанға импортталады. 

«Статистикадан түйгенім, елімізге жыл сайын 6 мың тоннадан астам сары май, 22 мың тоннаға жуық ірімшік, жалпы сомасы 45 млрд теңгені құрайтын 6 мың тоннадан астам консервілері жеткізіледі. Етті импорттайтынымыз мені таң қалдырады. Бұл өнімдерді біздің өңдеуші зауыттарымыз да өндіре алды емес пе? Және өндіруі тиіс. Ал бізде қалай? Көркемдеп айтсақ, потенциал бар, өсім жоқ. Бір жағынан біз бұл саланы 76 млрд теңгеге субсидиялаймыз, ал екінші жағынан біз бірден өз нарығымызда басқаларға орын беріп, ел ішіндегі нарықта кем дегенде 45 млрд теңге жоғалтамыз. Мен үш позицияны ғана сөз етіп отырмын», - деді спикер.

Нығматулин осыған байланысты шағын өндірушілерді қайта өңдеу кәсіпорындарымен байланыстыратын дайындау кәсіпорындарының желісін құру мен дамытуды барынша қолдау қажет екенін айтты.

Бұған дейін Нығматулин Қазақстанның сыртқы нарыққа ірі ет экспорттаушысы бола алатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы