Полициядан лайфхак: көше алаяқтарынан қалай сақтануға болады

18 Наурыз 2019, 10:41
3390
Бөлісу:
Полициядан лайфхак: көше алаяқтарынан қалай сақтануға болады

Алматы, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары көше алаяқтарының құрбанына айналмаудың жолдарын айтты. 

Көше алаяқтары заман ағымымен жүріп келеді, олардың басты айырмашылығы – күшпен емес, психологиялық әсер ету арқылы ақша табу. Олар өз құрбандарын қаптаған адамның арасынан оңай табады. Басты міндеттері адаммен байланыс орнатып, «іліп» алу. Бұл үшін көше алаяқтары жиі «түзету қағидаты» деп аталатын әдісті пайдаланады: гипноз, сөйлеу қарқыны, бет-әлпеті, ымдауды көшірмелейді.

Әдетте, қартайған адамдар көше алаяқтарының құрбанына айналады. Олар көбінесе өз құрбандарын дүкендерде, базарларда, банктерде, қолма-қол ақша алатын клиенттердің арасынан іздейді.

Қауіпсіздік шаралары:
- сізге кез келген өнімді немесе мүлікті сатып алыңыз деп ұсынып жатқан бөтен адамдарға сенім артуға болмайды.
- белгісіз «алаяқтар» өздерінің басынан қайғы өткендей аңызды ойлап тауып, адамдардың арасында аяныш сезімін тудырады.
- мемлекеттік органдардың (әкімдіктердің, медициналық мекемелердің) қызметкерлері атынан жәбірленушілердің пәтерлеріне кіруге тырысады.

Көбінесе құрбандары ретінде жасы үлкендерді, кәмелетке толмағандарды таңдайды.
- көріпкелдерге сенбеңіздер (негізінен сыған азаматтарына).

Өзгелердің жаңалығы