Жапонияда полиция тікұшағы құлады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда полиция тікұшағы құлады. Зардап шеккендер бар.&nbsp;</h4>

 1 Ақпан 2020 2020, 14:45
1 Ақпан 2020 2020, 14:45
2520

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда полиция тікұшағы құлады. Зардап шеккендер бар. 

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Сенбі күні Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусимада полиция тікұшағы құлады. Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, бортта экипаждың жеті мүшесі болған. Барлығы ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің біреуі ауыр халде жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Апат болған жердің видеосынан тікұшақтың қырымен құлағанын көруге болады.

Наверх