Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2 қарашада Польшаның Ополе Любельское қаласында болған.
Оқ тиіп, алған жарақаты салдарынан 2004 жылы туған Қазақстан азаматы қайтыс болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан, оның денесін елге қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.