Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізіледі?

3 Қаңтар 2021, 13:46
2043
Бөлісу:
Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартыжылдығында жеткізілетінін айтты. 

Жаңа жыл қарсаңында біз Pfizer компаниясымен соңғы келіссөздерді жүргіздік. Біз бұл вакциналарды жеткізу мүмкіндігін талқыладық. Құны туралы келістік. Құпиялылық туралы келісімге қол қойылды - біз жария ете алмайтын ақпарат. Бұл ішкі параметрлерге қатысты. Бірақ жалпы алғанда, бұл вакцина Қазақстанда екінші жартыжылдықта пайда болуы мүмкін деген ұсыныс айтылды, - деді ол.

Министрдің айтуынша, америкалық компания тарапынан Қазақстан аумағында Pfizer вакцинасын тіркеу рәсімін жүргізу үшін құжаттар енгізу ұсынылды.

Біз бұл вакцинаны Қазақстанда алуымыз үшін барынша жеделдетуді сұрадық. Бірақ әзірге бізге 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан ерте емес екенін мәлімдеді, - деп толықтырды Цой.

Айта кетейік, бұған дейін министр әлі ешқандай вакцина салдырмағанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы