Pfizer-ді ақылы түрде қанша теңгеге салдыруға болады?

17 Қараша 2021, 13:51
1842
Бөлісу:
Pfizer-ді ақылы түрде қанша теңгеге салдыруға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады. Оның айтуынша, елімізде аталған екпенің ақылы түрдегі бағасы қанша болатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ондай ақпарат қазір жоқ. Айта алмаймыз. Келісімшарттың сондай талабы бар. Сондықтан әлі компаниямен бірлесіп жұмыс жасаймыз, - деп түсінді вице-министр.

Қазіргі уақытта республика аумағында америкалық препаратпен вакциналау тобына кіретін азаматтарға екпе салу жүргізіліп жатқаны белгілі. Атап айтқанда, жүкті әйелдер, бала емізетін аналар мен 12 жастан асқан балалар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният балалар вакцинациясының маңыздылығына тоқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы