Бас жаңалықтар
Алимент төлемеген әкелердің көліктері айып тұрағына қойылды
05 Наурыз 2019, 09:59 217

Алимент төлемеген әкелердің көліктері айып тұрағына қойылды

Астана, BAQ.KZ. Павлодарлық полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірігіп алимент төлеуден жалтарған адамдар бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Рavlodarnews.kz.


«Қазіргі таңда сот орындаушылары, прокуратура және полицейлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 24 көлік құралы анықталды. Оның ішінде жалпы сомасы 11 миллион 800 000 теңге көлемінде 19 автомашина ұсталып, мамандандырылған автотұраққа жеткізілді, - дейді департаментте.

Алимент төлемейтіндердің екеуі жалпы сомасы 1 млн 500 000 мың теңге құрайтын қарыздарын сол жерде төледі. Қалған соманы сот орындаушылары автомашиналарға тыйым салу және сауда-саттыққа қою арқылы өндіріп алатын болады.

Кездесу барысында қатысушылар осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру бойынша іс-әрекет алгоритмін әзірледі.

Сізден жаңалық