Павлодарда 4 жасар бала көпқабатты үйден құлап, қаза болды

5 Тамыз 2019, 12:33
1864
Бөлісу:
Павлодарда 4 жасар бала көпқабатты үйден құлап, қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында 4 жасар бала тұрғынүйдің 5-қабатынан құлап кетті, деп хабарлады BNews.kz.    

"Бұл қайғылы оқиға Бектұров көшесі, 71-үйде болды. Жедел жәрдем қызметіне сағат 21.13 қоңырау келіп түсті. Бала қатты бас жарақатын алған. Біздің дәрігерлер баланың өмірі үшін барынша күресті. Өкінішке қарай, бүлдіршін есін жимастан түнгі 2.45-те көз жұмды. Ол 2014 жылғы болатын (4 жаста). Аталған дерек бойынша, құқыққорғау органдары тергеу амалдарын бастап кетті", - деді Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Темірғалиева. 
 

Өзгелердің жаңалығы