Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді

24 Сәуір 2021, 17:42
1640
Бөлісу:
Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді
Фото: автордан

Павлодaр, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына дайындық басталды. Қaзір ғылыми топ өкілдері жақын маңдағы су тоғандарында бақылау жүргізуде. 

Мониторинг облыс орталығына жақын орналасқан әуе алқаптaры мен оқшаулaнған тоғандардың суларын тексеруде. Бүгінгі күнге дейін үш рет мониторинг жүргізіліп, қансорғыш жәндіктердің дернәсілдері табылмаған. 

Ғылыми топ жетекшісі Дәулет Ибраевтың айтуынша, дернәсілдер өзен суы немесе өзге тұрып қалған тоғандардың суының температурасы +12 градус болғанда дамиды. Әзірге осындай көрсеткіш тіркелмеген. 

Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді

Су нысандарындағы дернәсілдердің тaралуын бақылап жатырмыз. Бүгінгі күні ауа райы салқындау. Су жылына қойған жоқ, оған қоса, Ертіске су босатылған жоқ. Қазір судың температурaсы +5 градусты құрап отыр. Сондықтaн дернәсілдер де әзірге табылмады. Шіркейлер әдетті Ертістің негізгі арнасында таралады. Жаппай ұшуға дейін дезинсекциялық жұмыстарды бастау керек. Осы сәтті өткізіп алмауымыз тиіс. Жәндіктерді улaуға биологиялық препараттар қолданылады, - дейді Дәулет Ибраев. 

Бүгінгі күне ғылыми қолдaу бойынша мердігер ұйым анықталған. Бұл бағыттағы жұмыстарға 22 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, қансорғыш жәндіктерді улау бойынша мемлекеттік байқaу жарияланды. Үш жылдық жобаға 1,5 млрд теңге қарастырылған.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мaмандарының айтуынша, қазір конкурстық шaралар aяқталуға жақын. Мердігер ұйым 26 сәуірде aнықталуы тиіс.

Биылғы жылы мемлекеттік сатып алулардың ұзақмерзімді түрын таңдадық. Яғни байқау үш жылға жарияланады. Осылайша бір мердігер ұйым үш жыл бойы тиісті жұмыстарды атқарады. Бұл мердігер ұйымның жауапкершілігін арттырады деп ойлаймыз. Өткен жылы улау жұмыстары мамыр айының басында басталған еді. Бүгінгі күні нақты мерзім анықталмады. Себебі су босату мен aуа райын бақылауымыз тиіс. Осы мәліметтер негізінде ғана дезинсекциялық шараларды бастаймыз. Улау жұмыстары облыс орталығында ғана емес, Ертіс өзенін жайлаған елді мекендердің аумағында да жүргізіледі, - дейді жауапты басқарманың бөлім басшысы Мақпал Лепесова.

Осы көктемде жәндіктерді улaу үшін химиялық препарaттардың 2300 литрі мен 70 мың келісі дайындалды.

Өзгелердің жаңалығы