Бас жаңалықтар
Павлодар облысында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын
27 Қазан 2020, 18:32 168

Павлодар облысында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры дайын. 

Дәрілік препараттардың басым бөлігі - тұмауға қарсы, дене температурасын түсіруге арналған препараттар. Бүгінде қор логистикалық қоймада сақталуда. Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайы ушығып кеткен жағдайда дәрі-дәрмектер тапсырыс бойынша босатыла бастайды. Ал тапшылық пайда болса, көрші облыстардан бір күннің ішінде жеткізілмек. 

Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Апсаликованың мәліметінше, облыс орталығының тұрақтандыру қорына екі айға жететін дәрі жеткізілді. Препараттардың 36 түрі бар. Әзірге 21 түрі сатып алынды. Ал қалған бөлігі жуық арада әкелінеді. Жалпы вирусқа қарсы дәрілердің тиісті қорын жасақтауға 350 млн теңге бөлінді. 

«СК-Фармация» кәсіпорнының өңірдегі филиалының жетекшісі Аягөз Айтбаеваның хабарлауынша, 620 шаршы метрлік аумақты алып жатқан қоймаға дәрі-дәрмектер Нұр-Сұлтандағы хабтан тасымалданады. 

Бүгінгі таңда жергілікті медициналық ұйымдар бір айлық қажеттілік қоры бар. Сұраныс арта түссе, алдымен жергілікті атқарушы органның жанындағы тұрақтандыру қоры ашылады. Кейін «СК-Фармация» өкілдігінің қоры ашылады. Мәселен Павлодарға бір күннің ішінде тасымалданады. Қордағы дәрілердің басым бөлігі - КВИ-ді емдеу хаттамасында көрсетілген антибактериалды, вирусқа қарсы дәрілер. Сонымен қатар амбулаторлық емдеу кезінде пайдаланылатын бес препарат бар. Олар: «Ибуброфен», «Парацетамол», «Апиксабан», «Реворокс» және «Дабигантран». Бүгінде 102 млн теңгенің дәрісі сақтаулы, - дейді Аягөз Айтбаева.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...